«Кедергілер жолағымен» жарыс
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде
2025 жылдың 18- маусым күні «Күншуақ» сауықтыру лагерінің дене шынықтыру пәні мұғалімі мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында өткізген «Кедергілер жолағымен» атты спорттық-ойындық іс-шараны сәтті ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді.
Аталған жарыстың мақсаты:
– оқушылардың физикалық дайындығын арттыру;
– төзімділік, шапшаңдық, ептілік және командалық рухты дамыту;
– салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарыс барысында оқушылар әртүрлі кедергілерден тұратын жолақпен жарысты. Оларға мыналар кірді:
– жүгіру,
– секіру,
– еңбектеу,
– арқанмен өрмелеу,
– белгіленген шеңберлерден өту және т.б.
Іс-шара оқушылардың жоғары белсенділікпен қатысуымен қызықты әрі қауіпсіз жағдайда өтті. Барлық санитарлық және қауіпсіздік талаптары сақталды.