«Көңілді старт» » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
16
июнь
2025

«Көңілді старт»



Тақырыбы:
«Көңілді старт»  

Күні:  16.06.2025 жыл

Өткізілген орны:  спорт зал

Түрі: эстафеталық жарыс

Қатысушылар: Оқушылар, ата-аналар, тәрбиешілер

Жауапты: Шамилов Бақытжан

 Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 

2025 жылдың 16- маусым күні «Күншуақ» сауықтыру лагерінің ашылуына байланысты бастауыш сыныптың дене шынықтыру пәні мұғалімі, мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында өткізген «Көңілді старт» атты спорттық-ойындық іс-шараны сәтті ұйымдастырып, жоғары деңгейде  өткізді. Таңғы жаттығу жасалды.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттыру, спортқа деген қызығушылығын ояту, достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Шара барысында балалар түрлі спорттық эстафеталарға, көңілді жарыстарға қатысып, белсенділік пен ынтымақтастық танытты. Мұғалім іс-шараны қызықты әрі қауіпсіз етіп ұйымдастыра білді, барлық оқушының қатысуына мүмкіндік жасалды. «Көңілді старт» ойыны балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуге және салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосты.