«Шебер бала» қатырма қағазбен жұмыс » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Шебер бала» қатырма қағазбен жұмыс
17
июнь
2025

«Шебер бала» қатырма қағазбен жұмыс

 Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 

2025 жылдың 17- маусым күні «Күншуақ» сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында өткізген бастауыш сыныптың 

І-ТОП «Балапан STARS» Ниеталиева М.

ІІ-ТОП  жетекшісі «Сәуле  KIDS» Мырзахметова Н.Л.,  жоспар бойынша күніне «Шебер бала» қатырма қағазбен жұмыс сәтті ұйымдастырып, жоғары деңгейде  өткізді.

Мақсаты:
 
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қолөнерге деген қызығушылығын ояту, ұқыптылық пен әдемілікке баулу, қатырма қағаз және түрлі материалдармен жұмыс істеу шеберлігін қалыптастыру.

Мазмұны:
 
«Шебер бала» – бұл балалардың қатырма қағаз, түрлі-түсті қағаз, жапсырма, желім, қайшы сынды құралдарды пайдалана отырып, өз қолдарымен бұйымдар (гүлдер, ашықхаттар, бетперделер, жануарлар, көркем аппликациялар және т.б.) жасауды үйренетін шығармашылық шеберхана. Балалар қиялдарын іске қосып, әртүрлі бұйымдар жасап, олардан көрме ұйымдастырылды.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалардың шығармашылық ойлау дағдылары дамиды
  • Қолмен жұмыс істеу шеберлігі артады
  • Топпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады
  • Өз жұмысына жауапкершілік пен мақтаныш сезімі туады

Қорытынды:
 
Іс-шара соңында балалар жасаған бұйымдар көрмеге қойылып, белсенді қатысушылар марапатталады. Бұл олардың өнерге деген ынтасын арттырып, естен кетпес әсер қалдырды.