«Қолөнер»
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде
2025 жылдың 12- маусым күні «Күншуақ» сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында өткізген бастауыш сыныптың ІІ-ТОП жетекшісі «Сәуле KIDS» Мырзахметова Н.Л., жоспар бойынша «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу» күніне «Қолөнер» ұлттық құндылыққа бағытталған көрме сәтті ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді.
Көрме барысында тәрбиеленушілер өз қолдарымен жасаған ұлттық нақыштағы бұйымдарын (киізден жасалған заттар, кестелеу, тоқу, зергерлік бұйымдар үлгісі, ағаштан ойып жасалған бұйымдар т.б.) ұсынды. Іс-шарада балалар өз шығармашылық жұмыстарын таныстырып, қазақ халқының дәстүрлі өнері мен тұрмыстық қолөнер ерекшеліктері жайлы мәліметтермен бөлісті.
Көрменің мақсаты:
- Школьникам ұлттық қолөнердің мәні мен маңызын ұғындыру;
- Қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;
- Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту;
- Эстетикалық талғам мен сәндік-қолданбалы өнерге деген қызығушылықты арттыру;
- Өзіндік жұмыс істеу дағдысын және жауапкершілікті қалыптастыру.
Көрме тәрбиеленушілердің ұлттық мұраға деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды ұлтжандылыққа баулу жолында маңызды рөл атқарды.