"Білімді мыңды жығар" мақал-мәтел сайысы » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Білімді мыңды жығар" мақал-мәтел сайысы
03
июнь
2025

"Білімді мыңды жығар" мақал-мәтел сайысы

 Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 

2025 жылдың 03- маусым күні «Күншуақ» сауықтыру лагерінің ашылуына байланысты бастауыш сыныптың топ жетешісі жоспар бойынша мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында өткізген «Білімді мыңды жығар» мақал-мәтелдер сайысы  іс-шараны сәтті ұйымдастырып, жоғары деңгейде  өткізді.

"Білімді мыңды жығар" мақал-мәтел сайысы – бұл мектеп жанындағы лагерьде топ жетекшісінің жоспары бойынша өткізілетін танымдық, тәрбиелік шара. 

Мақсаты – оқушылардың ой-өрісін кеңейту, мақал-мәтелдер арқылы ұлттық тәрбиені насихаттау, сөйлеу мәдениетін дамыту, тапқырлыққа, шешендікке баулу.

Сайыс барысы:

  • Оқушылар 2 немесе 3 топқа бөлінеді;
  • Әр түрлі кезеңдер арқылы (мысалы, аяқталмаған мақалдың жалғасын табу, берілген тақырыпқа мақал айту, мақалдың мағынасын түсіндіру, т.б.) білімдерін көрсетеді;
  • Әділқазылар алқасы топтардың белсенділігіне, тапқырлығына, дұрыс және нақты жауаптарына баға береді.

Мысал кезеңдер:

  1. Мақалдың жалғасын тап: "Оқу – ..."
  2. Берілген тақырыпқа мақал айт: "Еңбек", "Білім", "Достық"
  3. Мақалдың мағынасын түсіндір: "Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар"
  4. Жаңа мақал ойлап тап немесе өзгертіп құрастыр


Сайысқа лагерьдегі балалар белсенді қатысып, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті және тәрбиелік мәні зор болды.