« Аяулы қыз - болашақ ана» тренинг
Мектебімізде қыз балаларға арналған «Аяулы қыз – болашақ ана» тақырыбында тәрбиелік мәні зор тренинг өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қыз балалардың бойында әдептілік, инабаттылық, жауапкершілік сияқты қасиеттерді қалыптастыру, сондай-ақ олардың болашақ ана ретіндегі рөлін түсіндіру болды.Тренинг барысында қатысушылар түрлі психологиялық жаттығулар мен пікір алмасу жұмыстарына белсене қатысты. Қыздар өз ойларын ортаға салып, өмірлік құндылықтар, отбасылық тәрбие, ананың қоғамдағы орны