"Жол ережесінің қауіпсіздігі" атты тақырыпта онкүндік
Байсейіт Жылкелдин атындағы N30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 6 қарашасынан 16 қарашасы аралығында "Жол ережесінің қауіпсіздігі" атты тақырыпта онкүндік ұйымдастырылып өткізілуде. Мақсаты: білім алушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту, жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру, білім алушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.Осы мақсатта 1-4 және 5-6 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.