29
октябрь
2023
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Шеберлік сынып» тақырыбында ақын оқушылармен шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды.
2023 жылдың 27 қыркүйегінде Байсейіт Жылкелдин атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстандық патриотизмді, ұлттық бірегейлікті, әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыруға, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға баулуға, оқушылардың бойында өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, шешендік өнердің баға жетпес мұрасын дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жас ақындармен жұмыс жасау мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Шеберлік сынып» тақырыбында ақын оқушылармен шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды.
Жас ақындарымыз қоғамдағы өзекті тақырыптарды таңдай отырып, өз жадынан өлең шығарып көрермен назарына ұсынды.