Б.Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі
Б.Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде желтоқсан айының 14-і күні мектептің оқу-тәрбие жұмыс жоспарына және «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Жасыбаева «Бағалау-табысқа жету баспалдағы» тақырыбында әдістемелік жұмыс түрі семинар-тренинг өткізді .
Іс-шараның мақсаты : Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде білім алушылардың білім сапасын арттыру,қауіпсіз заманауи білім беру, сапалы білім беру, тұлғаның құзіреттіліктерін дамытуда, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану барысы бойынша, педагогтардың кәсіптік шеберліктерін арттыру,әдістемелік көмек көрсету
Әдістемелік жұмыс барысында ,педагогтерге жан-жақты ойластырылған, тиімді әдіс-тәсілдердің түрлерін, оқушының қызығушылығы мен дүниетанымын қалыптастырып, белсенділіктерін арттыратын, өзіндік дағдылары қалыптасып, танымдық-қасиеттері дамитын әдіс-тәсіл түрлері бойынша, үздіксіз білім беру үрдісінде пайдаланатын жұмыс түрлері көрсетілді.