08
декабрь
2022
Мектепте пән мұғалімдеріне Topiq.kz платформасымен жұмыс жасаудың алғашқы қадамдары туралы жалпы түсіндіру жұмыстары
Мектепте пән мұғалімдеріне Topiq.kz платформасымен жұмыс жасаудың алғашқы қадамдары туралы жалпы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Алматы кітап баспасының» электрондық оқулықтарының Web-платформасына тіркелу жолдары түсіндірілді. Әр пән мұғалімдері өздерінің логин және порольдерімен кіретін, тілді таңдайтын, қалай белсендірілуге болатыны туралы таныстырылды. Web-платформа Қазақстан Республикасы аумағында серверде орналасқан электрондық оқулықтар №131, №216, №286 Бұйрығымен қолдауға ұсынылғаны айтылды. Электронды оқулықтар кітапханасы, тапсырмаларды тағайындау, журналдар, бейне нұсқаулықтар, көмек бөлімдері бойынша кіруге болатыны жайлы әдістемелік көмек берілді. Әдістемелік көмек нәтижесінде, пән мұғалімдері өз сабақтарында «Алматы кітап» баспасының электрондық оқулықтарының Web-платформасына тіркеліп, әр пән мұғалімі Web-платформасында орналасқан бөлімдер бойынша материалдарды сабақтарында пайдаланып, жұмыстар жүргізілу керектігі туралы әдістемелік көмек берілді.
![](/uploads/posts/2022-12/1670498946_1670498569521.jpg)