1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні.
03
июнь
2022

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні.








1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мейрам барлық елде 1950 жылдан бері тойланып келеді. Мақсаты балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасауды тағы бір еске салу. Осылайша болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Бұл күні жер-жерде балаларға арналған мәдени шаралар ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күй сыйланады.
Осыған орай, Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Жаңатоған ауылдық округі әкімінің ұйымдастырған «Бақытты бала – Бақытты ел» тақырыбында балаларға арналған іс- шараға қатысты. Іс-шара ауыл әкімі Рамаданов Мерейдің құттықтау сөзімен басталып, ардагер ұстаз Тәттіқұлова Қайнаркүл, ауыл ақсақалдар төрағасы Алжанбаев Темірхан мырзаның құттықтауымен ашылды. Мерекеге орай ұйымдастырылған түрлі спорттық жарыстар, кітап көрмесі өткізілді. Табиғат аясында мектеп психологі Ниеталиева Гүлнар тренинг өткізді. Балаларға демеушілер тарапынан балмұздақ және ойыншықтар таратылды. Жарыс нәтижесі бойынша балалар мақтау қағаздарымен марапатталды. Іс –шара өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, өткізілді. Балалар қуанышты жүзде тарады