02
июнь
2022
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру туралы
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі
Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Меркі ауданының білім бөлімінің Байсейіт Жылкелдин атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектебінде білім сапасын арттыру және пандемия,шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру мақсатында ағымдағы жылдың 26 мамырынан 17 маусым аралығында жазғы мектеп жұмысы ұйымдастырылуда. Жазғы мектептің жұмыс жоспары жасалынып,жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда. .Жазғы мектепке қатысатын білім алушылар мен сыныптардың саны және оқу пәндерінің тізімдері нақтыланды.Сабақ жүргізетін негізгі пән мұғалімдерінің тізімі нақтыланып,пән мұғалімдерінің жауапкершілігіне жүктелді.
Пән мұғалімдерінің пән бойынша күнтізбелік –тақырыптық жоспарлары және қысқа мерзімді жоспарлары тексеріліп, бекітілді..Икемді сабақ кестесі және үзіліс кестесі жасалынып,бекітілді. Жазғы мектепке өз өтініштерін білдірген ата-аналардан және жауапты тұлғалардан өтініштер алынып,жинақталды.
Жазғы мектепте 2-8,10 сынып бойынша -112 білім алушы білім алуда.Негізгі пәндер бойынша сабақтар оқу жылының ең маңызды тақырыптарын қамтыды.Дене шынықтыру мұғалімдері жаттығулар ,қозғалмалы ойын спорт түрлері бойынша сабақтар өткізуде. Сыныптан тыс жұмыстар бойынша жобалық жұмысқа тарту жоспарланған. Икемді сабақ кестесіне балалардың оқу әдетін қалыптастыратын күнделікті 10 минуттық кітап оқу сабағы өткізіліп,оқу дағдыларын дамытуға ықпал жасалуда.