10
декабрь
2021
«Зорлық -зомбылықсыз 16 күн» атты айлық барысында ата-аналармен «Отбасында зорлық-зомбылық мәселесі» тақырыбында өгей әке,өгей шеше ,асырап
![](/uploads/posts/2021-12/thumbs/1639128431_48a39146-78c5-4cb4-96d5-157c79ee56df.jpg)
![](/uploads/posts/2021-12/thumbs/1639128433_70eec153-27fd-483c-8cd0-c2f4e8e925d4.jpg)
![](/uploads/posts/2021-12/thumbs/1639128396_6176e511-d047-4777-8910-fe30af7d5880.jpg)
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Зорлық -зомбылықсыз 16 күн» атты айлық барысында ата-аналармен «Отбасында зорлық-зомбылық мәселесі» тақырыбында өгей әке,өгей шеше ,асырап алушы ата-аналар мектебінің және отбасын қолдау қызыметінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес берілді. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездіктің алдын алу жөніндегі ата - аналармен педагогтердің бала құқыұтары мен міндеттеріне қатысты,өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға жеке психологиялық көмек көрсету, олардың құқықтық және әлеуметтік құзреттілігін арттыру мақсатында ата -аналар арасында онлайн түрінде психологиялық кеңес берілді. Құрметті ата-аналар! Қазақстанда салауатты өмір салтына қолжеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі - бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекетіде панықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол - жанұя, яғни, зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар - жұбайлар мен балалар. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады. Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнегеалатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдік кеүйірлік бұзықтық жолға түсіп, зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек екетуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді.Салауатты өмірсүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни, зорлық- зомбылықтан аулақ болу.