7 сәуір Денсаулық фестивалі » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7 сәуір Денсаулық фестивалі
04
сентябрь
2021

7 сәуір Денсаулық фестивалі

Меркі ауданы білім бөлімі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастырушылық – әдістемелік басшылығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №982 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтауды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс – шаралар жоспарын тиімді іске асыру шеңберінде 2021 жылдың 4 қыркүйекте республика өңірінде «Денсаулық» фестивалі өткізіледі. Осыған орай Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 4 қыркүйегінде «Сау бол – жүз жаса!» ұранымен санитарлық талаптарды сақтай отырып
фестиваль ұйымдастырылып өткізілді.Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Н.Керимкулов сөз алып, мектеп педагогтары мен оқушыларды мерекемен құттықтап, ізгі ниет білдірді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Едилова оқушыларды "Денсаулық" күнімен құттықтап, спорттық шаралармен таныстырып, барлығына сәттілік тіледіЖ Денешынықтыру пәнінің мұғалімдері жоспар бойынша оқушылар арасында спорттық жарыстар өткізді. "Денсаулық" фестиваліне сынып жетекшілерде қатысып, өз үлестерін қосты. Соңында жеңімпаз атанған білім алушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.