19
февраль
2021
«Бала тілі бал» атты видеоролик байқауы
19 ақпан күні Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Бала тілі бал» атты видеоролик байқауы өткізілді. Бұл байқауға 3-5 жас аралығындағы балалардың қызықты қылықтарынан видеоролик жасалды. Яғн мектеп алды даярлық сыныбы мен балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды. Сол себепті осы іс-шараларға қатыстырылды. Бұл байқауға мектеп алды сыныбынан 8 бала және «Балапан шағын» орталығынан 5 бала қатыстырылды. Қорытындысында екі жақтанда жақсы деп бағаланған бейнероликті аудандық «Үміт» сарайына жіберілді.