«Жастар мен жасөспірімдер арасындағы деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» мақсатында жалпы білім беру ұйымдарында «БЕСТЕРЕК» жобасы енгізілді » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» мақсатында жалпы білім беру ұйымдарында «БЕСТЕРЕК» жобасы енгізілді
07
декабрь
2023

«Жастар мен жасөспірімдер арасындағы деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» мақсатында жалпы білім беру ұйымдарында «БЕСТЕРЕК» жобасы енгізілді

Меркі ауданы білім бөлімінің 5.12.2023 жылғы № 1732 хаты негізінде «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» мақсатында жалпы білім беру ұйымдарында «БЕСТЕРЕК» жобасы енгізілді. Осыған орай әдістемелік ұсынымға сәйкес №30 жалпы орта білім беретін мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп медбикелері, мектеп инспекторы, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілердің және педагог психологтардың бірлесіп алгоритм бойынша жұмыс жүргізілуі туралы семинар өткізілді. Өткізілген іс - шара барысында мектеп психологы Неталиева Гульнар Жумабековна "Бестерек" жобасындағы кабинеттік талдаудағы әр маман толтыратын критерийлерге тоқталып, тізімдердің сапалы толтырылуы туралы түсіндірді. Алынған осы мәліметтер нәтижесінде далалық зерттеу қорытындылары жиынтық кестеге енгізіліп, «қызыл», «жасыл», «сары» қауіп деңгейі боынша тәуекел топтары туралы ақпарат берді.