Алғыс күні » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
май
2018

Алғыс күні

№30 Б.Жылкелдин атындағы орта мектебі
1 наурыз – Алғыс айту күніне байланысты өткізілген
іс – шаралар туралы
хабарлама
1 наурыз оқушыларға «сыйластық», ризашылық, алғыс, кішіге деген сүйіспеншілік, сыпайлылық қарым-қатынасын дамыту мақсатында 5- 10 сыныптар арасында көптеген іс – шаралар өткізілді. Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік ел»жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
Осы мақсатта 6 сынып жетекшісі Досалиева Н «Алғысым шексіз ата-ана» тақырыбында сынып оқушыларымен бірге алғыс айту шеруі 6 сыныптың ата-аналарының үйлеріне барып мақтау қағаздарын беріп, ата-анаға деген сүйіспеншіліктерін білдірсе 7 сынып жетекшісі Тойғұлиева Г «1 наурыз – Алғыс айту күні» тақырыбында ұстаздарды қатыстырып тәрбие сағатын өткізді.

10 сыныпта Қарашова Ф. «Алығс айту күні» құтты болсын тақырыбында сұрақ – жауап түрінде сынып сағатын өткізді.
8 сыныпта «Алғыс айту парызым» атты тақырыпта ұлағатты зейнеткер ұстаздармен кездесу өткізілді.

Бастауыш сынып ұстаздары «Алғысым шексіз сіздерге» атты тақырыпта ардагер ұстаздарды шақырып, концерттік бағдарлама, сыйлықтар тарту етті.
Алғыс күні