04
March
2026
«Ал, қанеки қыздар!» атты спорттық эстафета сайысы
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай жоспарға сәйкес дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Көбейбаев Азамат 5–6 сынып қыздары арасында «Ал, қанеки қыздар!» атты спорттық эстафета сайысын ұйымдастырып өткізді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығын арттыру, спортқа баулу, ептілікке, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және қыз балалардың бойындағы батылдық пен шымырлық қасиеттерін дамыту.
Сайыс барысында қатысушылар әртүрлі спорттық кезеңдер бойынша бақ сынасты. Атап айтқанда, жылдамдыққа жүгіру, доппен жарысу, секіртпемен секіру, кедергілер арасынан өту сияқты эстафеталық ойындар өткізілді. Қыздар белсенділік танытып, әр кезеңде өздерінің ептілігі мен ұйымшылдығын көрсетті.
Іс- шара тартымды әрі қызықты өтті. Қатысушылар көтеріңкі көңіл күйде болып, бір-біріне қолдау көрсетті. Сайыс соңында жеңімпаз командалар анықталып, марапатталды.
«Ал, қанеки қыздар!» спорттық эстафетасы оқушылардың денсаулығын нығайтуға, достық қарым-қатынасты қалыптастыруға және мерекелік көңіл кhouseсыйлауға бағытталған тәрбиелік маңызы зор шара болды.