«Ұлттық мұра» атты интеллектуалдық жарыс » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Ұлттық мұра» атты интеллектуалдық жарыс
11
февраль
2026

«Ұлттық мұра» атты интеллектуалдық жарыс

2026 жылдың 11 ақпан күні «Сынып жетекші – тәрбие шебері» онкүндік жоспарына сәйкес 7–8 сынып оқушылары арасында Досалиева Назира Орынбасарқызы «Ұлттық мұра» атты интеллектуалдық жарыс өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тарих пен мәдениет туралы білімдерін тереңдету, сондай-ақ зияткерлік қабілеттерін дамыту болды.
Жарыс барысында оқушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсті. Атап айтқанда, ұлттық тарих, әдебиет, өнер, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына байланысты сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, ұлттық ойындар мен ырым-тыйымдар жөнінде өз білімдерін көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, тапқырлық пен жылдамдықтарын көрсете білді.
Іс-шара оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау дағдыларын, топпен жұмыс жасау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар, ұлттық мұраны қастерлеуге, отансүйгіштікке, бірлік пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен сыныптар марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді. Іс-шара өз деңгейінде ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды өтті.