«Сынып жетекші – тәрбие шебері» сынып жетекшілер онкүндігі » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Сынып жетекші – тәрбие шебері» сынып жетекшілер онкүндігі
03
февраль
2026

«Сынып жетекші – тәрбие шебері» сынып жетекшілер онкүндігі

Мектепте 2.02 күні сынып жетекшілер онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Онкүндік «Сынып жетекші – тәрбие шебері» тақырыбында ұйымдастырылды. Аталған онкүндіктің негізгі мақсаты – сынып жетекшілердің тәрбие жұмысындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, тәрбие үдерісінде қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын насихаттау, сондай-ақ педагогтер арасында озық тәжірибе алмасуға ықпал ету.
Онкүндік барысында сынып жетекшілердің тәрбие жұмысының жүйелі түрде жүргізілуіне баса назар аударылып, оқушылардың тұлғалық дамуына бағытталған тәрбиелік іс-шаралардың маңыздылығы айқындалады. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие беру, рухани-адамгершілік, патриоттық, құқықтық және эстетикалық тәрбие бағыттарын жетілдіру мәселелері қарастырылады.
Аталған онкүндік сынып жетекшілердің кәсіби шеберлігін шыңдауға, тәрбие жұмысының сапасын арттыруға, педагогтердің жауапкершілігін күшейтуге және мектеп пен оқушы, ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.