13
февраль
2026
«Анаға хат» сыныптан тыс іс шара
Бүгін 13 ақпан күні мектебімізде 10 -11-сынып оқушылары арасында сынып жетекшілер «Анаға хат» тақырыбында тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың анаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана еңбегін бағалауға тәрбиелеу және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Іс-шара барысында оқушылар өз аналарына арнап жүрекжарды хаттар жазды. Хат мәтіндерінде ананың мейірімі, қамқорлығы, тәрбиесі мен ақыл-кеңесі туралы жылы лебіздер айтылып, шынайы алғыс сезімдері білдірілді. Кейбір оқушылар өз хаттарын көпшілік алдында оқып, анасына деген сағынышы мен ризашылығын әсерлі жеткізе білді. Бұл сәттер көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Сонымен қатар іс-шара барысында аналарына ұялы телефон арқылы "Мама мен сізді жақсы көремін" деген сөздері жеткізді. Оқушылар ананың қоғамдағы орны, отбасыдағы рөлі, бала тәрбиесіндегі маңызы туралы ой- түйді. Шара мазмұнды әңгіме-сұхбат, пікір алмасу түрінде жалғасын тауып, оқушылар отбасыдағы сыйластық пен түсіністіктің маңызын атап өтті.
Іс-шара оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға, жүректеріндегі ізгілік пен мейірімділік сезімдерін оятуға ықпал етті. 11-сынып оқушылары болашақта үлкен өмірге қадам басар алдында ата-ананың қадірін түсіну, ананың ақ сүтін ақтау перзенттік парыз екенін ұғынды.