Шырын Мамасерикова "Шабыттың сыры - туған жерден бастау алады"кездесу » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Шырын Мамасерикова "Шабыттың сыры - туған жерден бастау алады"кездесу
29
November
2024

Шырын Мамасерикова "Шабыттың сыры - туған жерден бастау алады"кездесу

Шырын Мамасерикова "Шабыттың сыры - туған жерден бастау алады"кездесу
2024 жылдың 29 -қарашасы күні Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде жоспарға сәйкес, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,мерейлі Меркі ауданының құрметті азаматы Шырын Мамасеріковамен және ауылымыздан шыққан ақын Әліш Нұржанмен кездесу кеші өтті. Поэзия әлімінің биік шыңдарына өз еркіне бағындырып қияға қанат сермеген көрнекті Шырын апайымыз бен Әліш Нұржанға ұйымдастырылып отырған “Шабыттың сыры - туған жерден бастау алады” атты поэзия әлеміндегі сазды кеш өткізілді.Кездесу кешін мектеп директоры Гульфиза Сатылгановна ашып берді.Іс-шараға ауданымыздың мектеп оқушылары қатысты. Кездесуде оқушылар, ақынның көптеген өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Ал, Шырын апамыз өзінің өмірі мен еңбек жолы туралы баяндап, жастарға үлгі боларлық ақыл-кеңестерін беріп, рухани байлық – адамгершілік тұрғысынан әңгіме өрбітті. Сонымен қатар ауылымыздың ақыны Әліш Нұржан Наутбекұлыменде кездесу өткізілді. Оқушылар Әліш Нұржанның өлеңдерін оқып, ақынға сұрақтар қойылды.
Ұйымдастырушылар:
ДТІЖО: Едилова Ж.Ы.
Кәсіптік бағдар беруші: Қасымбеков Е.кітапханашы:,Қадырова П.