Бүгін 9- ақпан ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай мектебіміздің кітапханашысы П.Кадырова мен қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "М. Мақатаев- поэзия тұлғасы" тақырыбында әдеби сазды, поэзия кеші өтті. Кеште ақын өлеңдері жатқа оқылып, сөзіне жазылған әндер шырқалды