08
февраль
2024
"Ауған асуында от кешкендер" кездесу
Ауған соғысына 35 жыл толуына орай "Ауған асуында от кешкендер"тақырыбында мектепте ауылымыздың ауған соғысының ардагері Есенбекова Қуаныш ағаймен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кездесуді А.Ә.Д.пәнінің мұғалімі Керімқұлов Нұрғазы мен мектеп кітапханашысы Кадырова Перизат ұйымдастырып өткізді. Кездесу барысында Қуаныш ағай оқушыларға ауған соғысы кезіндегі ауырда, қиын оқиғаларын, әңгімелей отырып, оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, Отанын, жерін сүюге ,еліміздің үлкен азаматы болып өсулеріне, тәртіпті, тәрбиелі болуларына шақырды.Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. Сол себепті біз ешқашан ұмытпай аға, апаларымызды құрметтеп, дәріптеп отыруымыз керек.