15
февраль
2021
Ауғаныстан Демократиялық Республикасының шығарылған күні.кездесу
15 ақпан күні Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасының шығарылған күніне орай мектепте ауылымыздың ауған соғысының ардагері Қуаныш ағаймен кездесу өткізілді. Кездесуді ДТІЖО Ж.И. Едилова ұйымдастырып өткізді. Кездесу барысында Қуаныш ағай оқушыларға ауған соғысы кезіндегі ауырда, қиын оқиғаларын, әңгімелей отырып, оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, Отанын, жерін сүюге ,еліміздің үлкен азаматы болып өсулеріне, тәртіпті, тәрбиелі болуларына шақырды.Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Сол себепті біз ешқашан ұмытпай аға, апаларымызды құрметтеп, дәріптеп отыруымыз керек.