Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы түсіндіру жұмысы » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы түсіндіру жұмысы
14
April
2026

Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы түсіндіру жұмысы

14 сәуір күні педагог қызметкерлерге мектеп директоры Ж.Е. Тұрсынов Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.
Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары 1) адалдық ; 2) әділдік; 3) жеке тұлғаның абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу: 4) патриотизм: 5) жалпы адами құндылықтарды құрметтеу және төзімділік: 6) кәсіби ынтымақтастық:7) үздіксіз кәсіби дамуы жайлы ,Педагог өзінің кәсіби шеберлігін,зияткерлік шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін жетілдіру керектігі туралы айта келе,Педагогикалық әдептің негізгі 19 нормаларына тоқталды. Педагогикалық әдептің негізгі принциптерін сақтайды; білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жоғары адамгершілік рухына, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;білім алушыларға Отанына - Қазақстан Республикасына құрметпен қарауды үйретеді,Қазақстан Республикасы педагогінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы орындайды; өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді,еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды;білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісін ұстанады педагог мәртебесін пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдаланудан аулақ болады; әлеуметтік желілерде тексерілмеген және (немесе) дәйексіз білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға ықпал етеді; білім алушы мен тәрбиеленушінің жетістіктерінің (жетістікке жетпеуінің), оның әлеуметтік жағдайының, ата-анасының (заңды өкілдерінің) жұмыс орнының құпиялылығын қамтамасыз ету керектігі жайлы кеңірек түсіндірді.