17 қыркүйек Ата - аналар жиналысы » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » 17 қыркүйек Ата - аналар жиналысы
17
September
2020

17 қыркүйек Ата - аналар жиналысы

Б.Жылкелдин атындағы №30 жалпы білім беретін мектебінде
«Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?»жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы туралы мәлімет
Өткізу күні: 17 қыркүйек 2020 жыл
Өткізу уақыты: 11.00
Тақырыбы: «Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?»
Ата-аналар жиналысының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды хабардар ету
Өткізу форматы:
Қатысушылар: ата-аналар
Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.
2) Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау.
3) Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны.
4) Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.
Ата –аналарға алдын ала жиналыс туралы ескертілді. Parents жаднамалар таратылып,түсіндірілді. Мектеп директоры Н.Керимкулов ата-аналарға жиналыстың мақсаты мен күн тәртібіндегі мәселелерді түсіндіріп біраз мағлұматтар берді. Жиналысқа барлығы қатысты. 68 ата –ана қатысты.
Осы мәселелердің барлығы ата-аналарға айтылды.
Дәстүрлі (күндізгі) оқыту форматы оқытудың негізгі нысаны болып қалатыны ата-аналарға түсіндіріледі. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде, мектеп біртіндеп әдеттегі дәстүрлі форматтағы қызметін бастайтын болады.
Балалар үшін мектеп формасының міндеттілігі сақталады. Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылында балаларға ыңғайлы, ұқыпты іскерлік стильдегі киімде сабаққа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылданды.
Шектеу іс-шараларына байланысты балалардың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамалар сұралMayды (ата-аналардан балалардың денсаулығын сақтау мақсатында бұл мәліметтер нақтыланады).
Мектептер балаларды оқулықтармен қамтамасыз етеді. Ауыл мектептерінде бір сыныпқа 15 оқушыға дейін күндізгі оқыту форматы ұйымдастырылады.
Ауыл мектептерінде күндізгі оқыту форматы жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша, тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша санитарлық қауіпсіздік шараларына сәйкес жүзеге асырылатыны айтылды.