09
October
2020
Board of Trusteesінің хаттамасы
№1 Хаттамадан көшірме
2.10.2020ж
Б. Жылкелдин атындағы
№30 жбб мектебінде
қашықтықтан жалпы ата-аналар
жиналысы болып өтті.
Қатысқандар :
Teachers:12
Ата-аналар-35
Күн тәртібінде:
1.Жаңа оқу жылында қашықтықтан оқытуға байланысты, COVID-19 жағдайына орай, өткізілген алдын- алу жұмыстары туралы
2.Материалдық қаражаттардың жұмсалу есебі туралы
Тыңдалды.
1. Мектеп директоры-Керимкулов Н
2020-2021 оқу жылында мектеп дәстүрлі оқыту бойынша мектеп оқушыларына дәріс беріледі. Инфекциялық жұқпалы аурудың алдын –алуға, короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты, мектепте алдын-алу іс-шаралары жүргізілді. Мектепте барлық кабинеттер , дәліздер,асхана, спорт зал, мектеп ауласы толық ағымдық жөндеуден өткізіліп, арнайы санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтауға байланысты, қатаң түрде сақтық жұмыстары жүргізілді. Барлық мектеп ауаласына кіреберіс жерден бастап, антисептикалық заттар қойылып, арнайы белгілер қойылды. Педагогикалық ұжымға , сынып жетекшілерге түсіндіру жұмыстары нақты жүргізілді. Дәстүрлі оқу жағдайында әрбір баланың өмір қауіпсіздігі бірінші орында екендігі ,денсаулығы өз қалпында болуы үшін сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін ата-аналармен жеке –жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Санитарлық тазалыққа байланысты,керекті материалдық заттар мемлекеттік тарапынан берілді. Берілген заттар ешқандай кемшіліктерге кетпей, нақты жерлерге орналастырылды. Атап айтқанда, мектебімізге осы алдын -алу шараларына байланысты аудандық қаражат бөлімінен мынандай заттар берілді. Тонел-1, термометр-2, коврик-15, антисептик-15, маска-800 дана берілді. Барлық алынған заттар тиісті орындарға қойылды. Алдын-алу іс-шараларына байланысты, сынып жетекшілер әр сыныппен, түсіндіру жұмыстарын түсінікті түрде қашықтықтан тәрбие сағаттарын өткізу арқылы жүргізді. Әрбір сынып жетекші ата-аналар чатына алдын-алуға байланысты, сақтық шараларын сақтауға байланысты, слайдтар ,бейне жазбалар жіберіп, таныстыру түсіндіру ,тазалықты сақтау туралы жұмыстар жүргізілгенін айтты.
2. Калыкулова Г-әлеуметтік педагог
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде білім алушылармен педагогтардың ,кіші қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында COVID-19 короновирустық инфекцияның таралуын алдын -алу мақсатында барлық іс-шаралар қашықтықтан жүргізілуде.
Дәстүрлі оқытуға байланысты , күнделікті мектеп оқушыларының дене қызу температурасы өлшеніп, антисептикті пайдаланулары қадағаланады. Мектепте сыныпта, дәлізде арақашықтық сақтаулары бір-бірі мен қатынас жасамауы қадағаланып, сақтық шаралары қатаң сақталуда.
Қашықтықтан желіге шығып сөйлеушілер
1. Керимкулов Нурболат-ата-ана
Мектеп осы жұмыстармен қатар, қайырымдылық акциясын жүргізіп , әсіресе көпбалалы ,аз қамтамасыз етілген отбасыларға материалдық көмек көрсетілгенін, антисептикалық заттарды бергенін айтты.
2. Алишева Айгул -ата-ана
Мектептен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына сақтық шараларын сақтауға байланысты материалдық көмектер беріліп әрбір педагог түсіндіру жұмыстарын түсінікті түрде жұмыстар атқарғанын айтты
Шешімі
1.COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты,алдын-алу жұмыстары әрқарай жүргізілсін
2. Мектепте тазалық сақталып, әрбір оқушының денсаулығы мен өмір қауіпсіздіктерінің сақталуына орай жұмыстарды атқару жалғастырылсын .
3.Мектеп медбикесіне, сынып жетекшісіне , кезекші педагог қызметкерлерге ,ата-аналарға сақтық шараларын сақтау жұмыстары бойынша жауапкершілік жүктелсін.
Мектеп директоры: Керимкулов Н
Хатшы: Серікова А