«Кел, балалар ойнайық» » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Кел, балалар ойнайық»
13
June
2025

«Кел, балалар ойнайық»

 Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 13- маусым күні мектеп жанындағы «Күншуақ» сауықтыру лагері аясында бастауыш сыныптың дене шынықтыру пән мұғалімі Шамилов Бақытжан ұйымдастырған «Кел, балалар ойнайық»атты ойын сәтті, жоғары деңгейде өткізді, оқушылар белсене қатысты.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың белсенділігін арттыру, достық қарым-қатынасты нығайту және ұлттық ойындар мен заманауи қозғалыс ойындары арқылы денсаулықтарын нығайту болды.

Іс-шараға бастауыш сынып оқушылары белсенді қатысты. Балалар топтарға бөлініп, әртүрлі ойын түрлерін ойнады: "Арқан тартыс", "Соқыр теке", "Қарақұмық тасу", "Кім жылдам?" сынды дәстүрлі және қимыл-қозғалыс ойындары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қызықты викториналық сұрақтар мен жұмбақтар шешу арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеті де дамытылды.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті, балалар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты. Мұндай іс-шаралар оқушылардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттырып қана қойMay, ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.