Төтенше жағдай кезінде шұғыл қызметтерге қоңырау соғу скриптері
2024 жылдың 9-қыркүйек айында «Төтенше жағдай кезінде шұғыл қызметтерге қоңырау соғу скриптері» атты тақырыбында қауіпсіздік сағатын 3 сынып білім алушыларына сынып жетекші Балабекова Жадыра өткізді. Барлығы 16 оқушы қатысты.
Сабақтың мақсаты: қоңырау скриптерін, шұғыл қызмет диспетчеріне телефон соғу жағдайын ұйымдастыруды үйрету.
Schoolchildren төтенше жағдай кезінде шұғыл қайда хабарласу керек екені туралы түсіндіріп өтті.
Есте сақта!!!
Өрт күзеті | 101 |
Полиция | 102 |
Жедел жәрдем | 103 |
Төтенше газ қызметі | 104, 112 |
Бірыңғай құтқару қызметі | 112 |
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.
| 111 |
Сабақ қорытындысында сұрақ қою арқылы кері байланыс алынды.
- Бүгінгі сабақтан не білдің?
- Төтенше жағдай кезінде адам өмірін құтқару неге байланысты?
Өзіңді 112 қызметінің диспетчері деп ойла. Қорқып, көмек сұраған балаға қандай сұрақтар қояр едің?
Пайдалы сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- IEuEG9KjOrJzvPM&index=5