![](http://30-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2024-01/thumbs/1706003198_img20231113113154.jpg)
![](http://30-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2024-01/thumbs/1706003145_img20231113113157.jpg)
![](http://30-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2024-01/thumbs/1706003211_img20231113113205.jpg)
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 13 қараша күні Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ полиция капитаны Е.Оспанбеков, Меркі АПБ КПБ жедел уәкілі полиция Mayоры Д.Итжанов пен ЖПҚб УПИ полиция капитаны Алимбеков Айдоспен кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге 68 білім алушы қатысты. Кездесу барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қазіргі таңда құқық бұзушылық пен қылмыс көптеп орын алуда екенін атап айтып өтті. Егер кәмелетке толмағандар арасында қылмыс тіркелген жағдайда, аса ауыр қылмыс-14 жастан, әкімшілік жауапкершілік -16 жастан басталатынын және де біреудің ашық түрде затын тартып алу 191 бабымен, ұрып-соғу, пышақпен яғни заңға қайшы заттармен қорқыту 192 бабымен, қорқытып ақшасын бопсалау 194 бабымен жазаланатындығын айтып өтті. Сонымен қоса мектепте қымбат ұялы телефон жоғалған кезде құқық бұзушылық анықталып,қылмыстық іс қозғалатыны айтылды. Сонымен қоса «Зорлық бомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Schoolchildren зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беріп, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіріп, зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айтып өтті. Сонымен қоса зорлық-зомбылық.Зорлық-зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттің түрлері көп: соққы, ұру, итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау түрлеріне тоқтып өтті. Осындай іс әрекет орын алған жағдайда заңға тартылатындығын атап айтып өтті.