«Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында тәрбие сағаттары » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында тәрбие сағаттары
06
апрель
2026

«Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында тәрбие сағаттары

2026 жылдың 7 сәуір күні көктемгі (1–30 сәуір) «Нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу» айлығы аясында барлық сыныптарда 6 сәуір күні «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді.
Тәрбие сағаттары барысында оқушыларға нашақорлықтың зияны, оның адам өміріне, денсаулығына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен мәлімет берілді. Әр сыныпта тақырыпқа байланысты бейнематериалдар көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар оқушылар арасында сұрақ-жауап, пікір алмасу ұйымдастырылып, олардың зиянды әдеттерге деген көзқарастары талқыланды.
Сынып жетекшілері оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіріп, бос уақытты тиімді пайдалану, спортпен айналысу, дұрыс орта таңдау сияқты маңызды мәселелерге ерекше назар аударды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, зиянды әдеттерден аулақ болу туралы тұжырымдарын айтты.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушылар арасында нашақорлықтың алдын алу, зиянды әдеттердің денсаулыққа және болашаққа тигізетін зиянын түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, саналы таңдау жасауға баулу және жасөспірімдерді жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.