«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: шекараңды таны, қорғануды үйрен!» » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: шекараңды таны, қорғануды үйрен!»
22
октябрь
2025

«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: шекараңды таны, қорғануды үйрен!»

2025 жылдың 22 қазан күні 5–9 сынып оқушыларына арналған «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: шекараңды таны, қорғануды үйрен!» тақырыбында тәрбие сабағы өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері (физикалық, психологиялық, эмоционалдық, кибербуллинг), олардың белгілері, жеке шекараның мәні және оны қорғау жолдары жан-жақты түсіндірілді. Жасөспірімдердің күнделікті өмірде кездесуі мүмкін қауіпті жағдайларды талдап, өзіне сенімді мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруға бағытталған жаттығулар жүргізілді.
Интерактивті бөлімде:
• «Болады – болмайды» ойыны арқылы оқушылар қауіпсіз және қауіпті жағдайларды ажыратуды үйренді;
• «Не істеу керек, егер…» атты жағдаяттық тапсырмалар беріліп, әр топ зорлық-зомбылыққа әкелетін әрекеттерге дұрыс жауап қайтарудың тәсілдерін ұсынды;
• Жеке шекараларды қорғау алгоритмі: «Стоп айту – қауіпсіз жерге шығу – сенімді ересекке хабар беру» қадамдары түсіндірілді;
• Оқушылар сенім телефондарының маңызы туралы ақпарат алып, қиын жағдайда кімге жүгіну керектігін нақтылады.
Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс жүргізіліп, «Жеке шекарамды қалай қорғаймын?» деген тақырыпта қысқа пікірталас ұйымдастырылды. Оқушылар өз көзқарастарымен бөлісіп, зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудың маңызын түсінгендерін көрсетті.
Тәрбие сабағы жасөспірімдердің жас ерекшелігі мен психологиялық жағдайына сәйкес, сенімді, қауіпсіз ортада өткізілді. Қатысушылар белсенділік танытып, тақырыпты терең меңгерді.