Адамның құқықтық мәдениеті дәріс » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Адамның құқықтық мәдениеті дәріс
12
декабрь
2025

Адамның құқықтық мәдениеті дәріс

Мектепте 9–11 сынып білім алушыларымен кезекті құқықтық оқуларының сабағы өткізілді. Мақсаты:
білім алушыларға құқықтық мәдениет ұғымын түсіндіру, жеке тұлғаның құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беру, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық құжаттар негізінде құқықтық сауаттылықты арттыру.
Дәріс барысында оқушыларға "Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқықтары туралы» ҚР Заңы", және "БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы" туралы қысқаша ақпарат берілді. Әр баланың өмір сүру, білім алу, еркін ойлау, қауіпсіз ортада болу, кемсітушіліктен қорғалу сияқты негізгі құқықтары аталып өтілді. Сонымен қатар, адамның құқықтық мәдениеті — өз құқықтары мен бостандықтарын білу, оларды орынды пайдалану және өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу екені түсіндірілді.
Тақырып мазмұны интерактивті түрде жеткізіліп, сұрақ-жауап, жағдаят талдау арқылы білім алушылардың белсенділігі артты.