02
декабрь
2024
«ЖИТС - ХХІ ғасыр індеті»
1 желтоқсан - Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «ЖИТС - ХХІ ғасыр індеті» тақырыбында іс - шара ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі дерттің алдын алу, оның жұғу жолдарынан сақтанып, қорғана білу, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.