![](http://30-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2024-01/thumbs/1706003664_2.jpg)
Мектеп инспекторы Е.Оспанбеков мұғалімдер және қызметкерлер арасында «Интернет алаяқтары» атты тақырыпта түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында Интернет алаяқтықтың тым көбе¬йіп кетуі қоғамдық резонанс туды¬рып отырғаны да белгілі. Қазақ¬стан¬да бұл қылмыс түрінің ең көп та¬ралған тәсілдерінің бірі – интер¬нет¬¬тегі түрлі хабарландырулар бо¬йын¬ша тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем алу. Бүгінде интернет алаяқтықтардың жартысы дәл осын¬дай жолмен жасалған. Екіншісі – микро¬кредиттік ұйымдардың сайттары ар¬қылы онлайн қарыз рәсімдеу. Мәселен, соңғы уақытта өзде¬рін банк қызметкерлері ретінде та¬ныс¬тырып, ауыстырмалы нөмірден қоңырау шалатын алаяқтар көбейді. Әдетте олар өздерін екінші деңгейлі банктің қауіпсіздік қызметіненмін деп таныстырады. Сенімге кірудің тың тәсілін жақсы меңгеріп алған олар азаматтардың есепшотын біреулердің бұзып кірмек болғанын айтып, қауіпсіздік үшін шоттағы қаржыны басқа банк шотына аударуға кеңес бе¬реді¬. Әсіресе өздерін банк қызметкеріміз деп таныстыратындарға алдану соңғы кезде жиілеп кетті», «Интернет алаяқтықтың бұл тәсілінің де өзіндік желісі бар. Алдымен қылмыскер жәбірленушіге хабарласып, өзін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырады. Осыдан кейін ол жәбірленушіге оның атындағы есепшотқа шабуыл жасалғаны, болмаса төлем картасындағы қаржысын біреулердің жымқырмақ болғанын айтып, кейін оны өзі айтқан «қауіпсіз» есепшотқа аудартып алады» деп түсіндірді осы жолдан абай болыңыздар деп кеңес берді.