«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында директордың тәрбие сабағы » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында директордың тәрбие сабағы
07
апрель
2026

«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында директордың тәрбие сабағы

Мектепте 14–17 жастағы қыздар арасында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында директордың тәрбие сабағы ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қыз балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ибалық, инабаттылық қасиеттерін қалыптастыру және олардың қоғамдағы рөлін түсіндіру болды. Сабаққа 8- 11 сыныптың барлық қыздары қатысты.
Сабақ барысында қыз баланың отбасындағы, қоғамдағы орны кеңінен түсіндіріліп, оның тәрбиесі ұлт болашағымен тығыз байланысты екені айтылды. Сонымен қатар, қыздарға тән әдептілік, қарапайымдылық, жауапкершілік, өзін-өзі ұстау мәдениеті туралы мазмұнды әңгіме жүргізілді.Кездесу кезінде оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Қазіргі қоғамдағы қыз баланың бейнесі, мінез-құлқы, киіну мәдениеті мен өзін-өзі дамыту мәселелері талқыланды. Школьникам дұрыс бағыт-бағдар беріліп, өмірлік маңызды кеңестер ұсынылды.Іс-шара барысында тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіріліп, ұлттық салт-дәстүрлердің маңызы ерекше атап өтілді. Қыздардың бойында адамгершілік, ұқыптылық, сыпайылық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған ойлар айтылды