«Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында теолог мамандарымен кездесу » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында теолог мамандарымен кездесу
10
сентябрь
2025

«Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында теолог мамандарымен кездесу

10.09.2025 жылы «Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында теолог мамандары Мамбетов Ақтөре Сағыналыұлы және Сарсенов Ерболмен 8-11 сыныптар арасында кездесу ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың жалпы діни сауаттылығын арттыру, діни ағымдардың арбауынан сақтандыру, діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығын жан-жақты түсіндіру. Сонымен қатар жас ұрпақты діни экстремизмнің алдын алу барысында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар ету, салт-дәстүрді сақтауға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік пен азаматтық-құқықтық ұстанымын қалыптастыруға, бірлік пен бірегейлікке тәрбиелеу.
Балаларға қоғамдағы теріс ағымдар және қандай жолдармен адамдардың қателесетіні жөнінде ақпарат берілді. Қазіргі кезде ұялы телефонға, әлеуметтік желіге, яғни ғаламторға торға шырмалған халықтың, әсіресе жастардың діни сауатсыздығы мен білместігінен заңға қайшы келетін іс әрекеттер белең алатындығы, оның соңы қылмыстық жауапкершілікке апаратындығы туралы да айтып өтті.
Оқушылар өздерінің көкейінде жүрген әртүрлі сұрақтарын қойып, өздеріне керекті мағұлмат алды.