“Әжелер - тәлім-тәрбиенің қайнар көзі” » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » “Әжелер - тәлім-тәрбиенің қайнар көзі”
28
ноябрь
2024

“Әжелер - тәлім-тәрбиенің қайнар көзі”

Даналық мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес Серікова А мен Наргелова Г- ның ұйымдастыруымен “Әжелер - тәлім-тәрбиенің қайнар көзі” тақырыбында әжелеріміз немерелеріне дастархан басында отырып, өз ақыл- кеңестерімен бөлісті. Құндылықтaрғa негізделген тәрбие беру-жaлпы aдaмзaттық және ұлттық құндылықтaрды бойынa сіңірген, зaмaнaуи білімдерді меңгерген, бәсекеге қaбілетті, сaлaуaтты өмір сaлтын ұстaнaтын ұрпaқ тәрбиесінің жүйесі болып тaбылaды.
Президентіміз атап өткендей, адал ұрпақ тәрбиелеу үшін білім беру ұйымдарында адами құндылықтарға негізделген ұлттық тәрбие бағытында жұмыстар жүргізілуі тиіс. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Ұлағатты ұрпақ ұлттың сапасын құрайды. Ал тәрбие ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Білім беру жүйесіне Оқу ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізіліп, қазіргі таңда еліміздің барлық білім беретін мекемелерінде іске асырылуда. «Даналық
мектебі» жобасы Ата өсиетін, Әже даналығын, ағаның қамқорлығын,
жеңгенің кеңесін насихаттау барысында түрлі іс-шаралар жүргізілуде. Бұл іс-
шараларға оқушылардың аталары, әжелері, ағалары, жеңгелері қатыстырылуда. Берері мен маңызы зор іс шаралар бала болашағы үшін атқарылуда. Ақ жаулықты әжелердің айтқан ақылы мен кеңесін тыңдау арқылы жас буын қазіргі заманда ғаламтор жайлаған зиянды әдеттерден аулақ болуға дағдыланады. Бұл өткізілген маңызы зор іс-шарадан жастарымыз бойына ұлттық құндылықтарды сіңіреді деген қорытынды жасауға болады