24
апрель
2026
“Өзіңе деген қамқорлық – өмірге деген құштарлық” тренинг
Бйсейіт Жылкелдин атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектебінде сәуір айының 6-24 күндер аралығында «Оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған» айлығы өткізілді. Мероприятие барысында оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйі көтеріліп, өзара қарым-қатынас дағдылары нығайды. Тренингтер, сауалнама мен ойындар оқушылардың өзін-өзі тануына және психологиялық қолдау алуына мүмкіндік берді. Айлық барысында жоспарға сай “Өзіңе деген қамқорлық – өмірге деген құштарлық” тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.Тренинг оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуда маңызды рөл атқарды. Тренинг барысында қатысушылар өз эмоцияларын тануға, оларды басқаруға және ішкі ресурстарын тиімді пайдалануға бағыт алды. Тренинг оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін көтеріп, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті. Оқушылар арасында сенімді қарым-қатынас орнап, бір-біріне қолдау көрсету дағдылары дамыды. Айлық қорытындысы бойынша қатысушылар белсенділік танытып, психологиялық мәдениеттің маңыздылығын түсінді.




