03
июнь
2022
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АНЫҚТАМА
2022 жылдың 24 мамыр күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді.
Сыныптар бойынша тамақтану кестесі мен тамақтану арасындағы аралық сақталынған.Дайындалған өнімнің аргонолептикалық қасиеті,дайын өнімнің сапасы сәйкес,ас мәзіріндегі көрсетілген тағамдар білім алушыларға берілді.Тамақпен байланысты емес тауарлардың сатылуына жол берілген жоқ. Асхананың жұмыс кестесі сақталынған,ауыз су режимі талапқа сәйкес ұйымдастырылған.Қол жуатын раковиналар таза,сабын бар,кептіргіш болмағандықтан қол сүртетін арнайы қағаздар қойылған. Ыдыс жуу ережесіндегі талаптар бойынша ыдыстар жуылып , арнайы орындарына қойылған. Жуу құралдарының сақтау мерзімі өтпеген,кейбір жуу құралдарының сертификаттары бар.Тамақ қалдықтарына арналған ыдыс өнделген.Тазалау кестесі бойынша, тазалық жүргізіледі.Сусымалы өнімдер тұғырықтарда,тауар қойғыштарды,стеллаждарда сақталынған.Көкөністер жәшіктерде,тауар қойғыштарда тегендердегі таңбаланған сыйымдылықтарда сақталынған.
Тарату жағдайында ылғалды затты пайдаланған жоқ,талаптарға сәкес келеді.Тыйым салынған тағамдар мен өнімдер дайындалмайды,және сатылып,пайдаланылмады..Жиhаздардың жағдайы сәйкес келмейді,ескілеу.Ас блоктарында шамдарда қорғаныш арматурасының ылғалдан қорғанышы бар шамдар бар.Жуу құралдарын сақтау және таңбалау шарттары таңбаланған. Жуу құралдарының сертификаттары бар.Тауар көршілестігі тоңазытқышта сақталынған.Тоңазытқыш жабдығының санитарлық жағдайы талапқа сәйкес .Нан сақтауға арналған сөрелерді өңдеуге арналған 1% сірке суы ерітіндісі жоқ. Жұмыртқаны жууға және өңдеуге арналған таңбасы бар сыйымдылық болмады.Жұмыртқа жууға арналған құрал болған жоқ.Ас блогының жұмысшысында бөгде заттар ,ірінді аурулар жоқ.