Елімізде талантты жастарды қолдауға бағытталған “Елбасы медалі” жобасына Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Базарбек Айша қатысып "Елбасы медалінің" қола иегері атанды. Жобаның басты мақсаты – еліміздің барлық аймақтарынан дарынды ұл-қыздарды іздеу, олардың бойында жауапкершілік, қайсарлық, мақсатқа жету сынды қасиеттерді тәрбиелеу болатын. Жобаға қатысушыға өзін-өзі дамыту үшін таңдаулы жеті бағыт ұсынылған. Олар: спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағды, еріктілік, туристік саяхаттар, кітап оқу, ұлттық мұра және еңбек тәжірибесі.Осы бағыттардың барлығына қатысып, өзінің білімін, уақытын бөліп, берілген жұмыстарын жүйелі жүргізе білді. Айшадан біз көп үміт күтеміз, мектебіміздің озат оқушысы, тәртіпті, тәрбиелі , мектепішілік, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, өзгеге деген көмегін ешқашан аямаған жан-жақты, білгір білім алушы. ДТІЖО: Едилова Ж.И