15
ноябрь
2022
«Маған өмір қымбат» тақырыбында шығарма байқауы
Мектебімізде оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған «Психологиялық денсаулықты нығайту» айлығында 9-11 сынып білім алушыларының арасында «Маған өмір қымбат» тақырыбында шығарма байқауы ұйымдастырылып, өмір туралы оқушылардың ойларын, алға қойған мақсаттары туралы, өмірдің мәнін қалай түсінетіні жайында анықтау мақсатында оқушылардың шығармаларынан өмірдің адамға қаншалықты қымбат екендігі, өмірдің өз қиыншылығы мен өз жеңілдіктері бар екенін, өмірде алға қойған мақсат арқылы өздерін алға сүйреп өмір сүруге болатындығын, қандай жағдай болмасын өткінші екендігі жазылған. Жалпы айтқанда әр оқушының өз өмірлерінің қымбат екендігі, өмірдің қымбат екендігін түсінетіндігі айқындалды.
![](http://30-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2022-11/thumbs/1668592764_3d9652de-548a-4606-ba45-5cc5815353c0.jpg)
![](http://30-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2022-11/thumbs/1668592792_shyarma22.jpg)
![](http://30-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2022-11/thumbs/1668592764_3d9652de-548a-4606-ba45-5cc5815353c0.jpg)
![](http://30-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2022-11/thumbs/1668592792_shyarma22.jpg)