14
декабрь
2021
«Қыз қылығымен көрікті» тақырыбында психологиялық кеңес
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-9 сынып қыздарының арасында «Қыз қылығымен көрікті» тақырыбында психологиялық кеңес өткізіліп, ата-ана ескерту жасаса, бірден ашу шақырып, дүрсе қоя бермей, сабыр сақтауға тырысқан абзал. Ата-ана сырттай білдіртпегенмен, «баламның табанына кірген шөңге маңдайыма қадалсын» деп іштей ойлап жүреді. Себебі, бала – ата-ана өмірінің жалғасы, қызығы. Олар да үлкейіп қалған баласымен қалай қарым-қатынас жасауды білмей, абдырайды. қыз бала тәрбиесі баршаның ісі. Қыз бала мен ұл баланың бірін – бірі жақсы түсінуіне, бірін – бірі сыйлауына, бір –біріне қамқор бола білуіне, қыздарымызды –қылықты, ұлдарымызды – ұлағатты етіп тәрбиелеуге септігі мол болары сөзсіз. Қыздарға айтарым « қазақ қызы» деген қастерлі де қасиетті атқа лайық болыңдар. Білімді де тәрбиелі қырдың қызғалдағындай жайнап өсе беріңдер.