Баланың болашағы басты назарда » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Баланың болашағы басты назарда
21
февраль
2024

Баланың болашағы басты назарда

Баланың болашағын, баланың қауіпсіз ортада болуын қамтамасыз ету ортақ міндет. 2024 жылдың 20 ақпанында Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде Меркі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оқушылар арасында өрт қауіпсіздігі, жер сілкінісі жағдайындағы қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Шашубай Бауыржан Үсенұлы білім алушыларға улы газдан қорғану, қыс мезгіліндегі мұзды жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы толық ақпарат беріп өтті. Түсіндіру профилактикалық жұмыстары бойынша оқушылар сұрақтар қойып, қауіпсіздік ережелері туралы плакаттар ілінді.