Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
22
декабрь
2025

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу

2025 жылдың 22 желтоқсан күні Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектепте педагогтер мен ата-аналардың қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №2249 хаты негізінде Жаңа жыл мерекесіне байланысты білім алушылар, ата-аналар және педагогтер арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, мектепте жаңа жылдық безендіруге және сыйлықтарға ақша жинауға жол берілмейтіні туралы нақты айтылды. Сонымен қатар, Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шаралардың 2025 жылдың 25–26 желтоқсан аралығында тек мектеп қабырғасында өткізілетіні, сондай-ақ мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру барысында аниматорларды, мерекелік қызмет түрлерін тартуға және қосымша қаржы жұмсауға тыйым салынатыны түсіндірілді.Сынып жетекшілер ата - аналарға ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша мәлімет берді.
Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қабылданған талаптар мен ережелердің орындалуы барлық қатысушыларға міндеттелді.
Бүгін ата-аналар жиналысы әр сынып бойынша өткізілді.
Бастауыш сынып 1-4 сыныптар арасында, 9-11 сыныптар арасында және 5- 7 сыныптар арасында ұйымдастырылып өткізілді.