Жалпы ата-аналар жиналысы » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Жалпы ата-аналар жиналысы
26
август
2022

Жалпы ата-аналар жиналысы

Күн тәртібінде қаралатын мәселе:

1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қантардағы №26 бұйрығы бойынша орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау.
2.Әр түрлі мәселелер
1.Күн тәртібіндегі 1 – ші мәселе бойынша №30жоббмектебінің директоры Н.Керимкуловқа сөз берілді.
Құрметті ата-аналар өздеріңізге белгілі мектеп формасы бойынша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қантардағы №26 бұйрығы бойынша орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау.міне біздің мектепте осы бұйрықтағы талапты орындауымыз керек. Бұл мәселе педагогикалық кеңесте қаралып, жаңа 2021-2022 оқу жылыңда бірыңғай мектеп формасының сақталуы қаралып, сіздермен форманын түсін,форманың түрін бірауыздан сіздермен сақталатынын айтып өтті..
Мектеп формасының өзіңдік ережесі бар.
Ереженің мақсаты-міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының бірыңғай келісімін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына қатысты ойын жағымды қылып қалыптастыру, оқытудың зайырлы сипатын сақтауда оқу орны мен басшыларының және қоғамдық кеңестердің жауапкершілігін арттыру.
Мектеп формасының түсі қыз бала қою қара, көкшіл түсті юбка –кофта. Оқушылардың юбкалары тізеден 10 см түсіп тұру керектігін ескертті. Сонымен қатар қысқа юбка киюге қатаң ескртеміз мектепке қысқа юбка, легенцы, балағы үлкен шалбарларды киюге болмайды. Сонымен қатар ата-аналарға оқушылардың әр түрлі ағымдағы діни ұйымдарға қосылып кетпеуің қадағалап бақылау және мектеп әкімшілігіне хабарлау:
Школьникам (қыздарға-хиджап, ұлдарға-тәқия, мәсі,галош)діни ағымдағы киімдерді кигізбеуге міндеттелінді:
Жарыс сөзге шығып сөйлегендер.
Ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы:
Құрметті ата-аналар бүгінгі көтеріліп отырған мәсел өте өзекті мәселе деп санаймын. Сондықтан барлығымыз бүгінгі бірыңғай мектеп формасын сақтау керектігін бірауыздан қолдауымыз керек, менің ойымша бірауызда тұрақтылықта оқушылардың мектеп формасын бірыңғай қою қара көк түс болса деп отырмын,себебі біздің ауылдың ауа-райы өте қолайсыз болғандықтан осы түсті қалап отырмын.
Қамқоршы кеңесінің төрайымы:
Құрметті ата-аналар мен Индира а акпейдің айтқаны дұрыс, барлығымызға да жақсы болар еді. Бірақ осы іспен кім айналысса да, мектеп формасының бағасы жүйелі болғанын қалаймын. Егерде осы формамаен айналысатын фирмамен келісер алдында міндетті түрде бағасымен келісіп алуымыз керек.Форма аса қымбат емес болуын қалаймын.
Көп балалы ата-ана:
Құрметті ата-аналар, көп балалы ата-аналардың атынан сөйлеп тұрмын. Барлық шығын өзімізге түседі, кейбір отбасынан мектепке 1-2 бала келеді, ал біз сияқты көп балалы отбасыдан 3-4 бала мектепке келеді. Сонда біз көп балалы ата-аналар не істейміз. Сіздер айтқан тізеден төмен юбка және ақ кофта алып береміз
Жарыссөзге шығып сөйлеген ата-аналардың барлығы дерлік қою қара көгілдір түсті бірауыздан қолдады.

Шешімі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қантардағы №26 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды міндетті түрде сапалы мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында ережеге сай мектеп формасының түсі қою қара көгілдір түсті болсын. Аса тиімді қол жетерлік, аса қымбат болмасын.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қантардағы №26 бұйрығымен бекітілген мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында жасалған ережені орындау қамқоршылық кенесінің төрағасы Жақаевқа, ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы: Меркібековаға , сынып бойынша сайланған ата-аналар комитетінің төрайымдарына жүктелсін.