02
октябрь
2021
Зиянды әдеттерден аулақ бол.
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде онлайн түрінде жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық белсенділіктерін дамыту. Сонымен қатар ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,жасөспірімдерге қарсы зорлық-зомбылық қатыгездіктің алдын алу мақсатында мектепте егер тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы білген жағдайда және баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, оның өміріне және денсаулығына қауіп төнген жағдайда т.б күдікті әрекеттер орын алғанын байқаған кезде «111 жедел қызмет» байланыс орталығына хабарласу керектігі айтылды.