15
апрель
2026
Ата-аналар жиналысы
Құрметті ата-аналар!
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектеп әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты, соңғы қоңырау және қорытынды аттестаттау кезеңінде (әсіресе 4, 9, 11-сынып бітірушілеріне қатысты) төмендегі маңызды талаптарды назарларыңызға ұсынады:
🔹 Педагогикалық әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге сыйлық беруге, сондай-ақ ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
🔹 Аниматорлар, түрлі студиялар мен агенттіктерді шақыруға рұқсат етілмейді.
🔹 Мектептің жөндеу жұмыстарына немесе шаруашылық қажеттіліктеріне байланысты оқушылардан ақша жинауға жол берілмейді.
🔹 Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік шеруін ұйымдастыруға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және басқа да қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады.
🔹 Мектеп ішінде немесе одан тыс жерде ата-аналардың мерекелік дастархан ұйымдастыруына, қаражат жинауына рұқсат етілмейді.
🔹 Қорытынды аттестаттау кезеңінде оқушылар мектеп формасын сақтап, тәртіп пен жауапкершілікті қатаң ұстануы тиіс.
Ескерту:
Бұл талаптар 4, 9 және 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты. Аталған шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық әдепті сақтау және әділдікті қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.
Құрметті ата-аналар, көрсетілген талаптарды қатаң сақтауларыңызды және балаларыңыздың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз. Біз үшін әрбір оқушының сапалы білім алып, дұрыс тәрбие көруі – басты міндет