Балаңа уақыт арна форум » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Балаңа уақыт арна форум
19
февраль
2026

Балаңа уақыт арна форум

Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында «Балаңа уақыт арна» атты ата-аналар форумы өтті.
19 ақпан күні «Жасампаздық және жаңашылдық» айлығы аясында мектебімізде отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мазмұнды отбасылық форум-фестиваль ұйымдастырылды.
Қазіргі уақыттың қарбалас тіршілігі, күнделікті тұрмыс қамы кей сәттерде ата-аналарды «баламның киімі бүтін, тамағы тоқ болса болды» деген түсінікке жетелеп, бала тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлу мәселесін кейінге ысырып қоятын жағдайлар аз емес. Бүгінде бала тәрбиесінде ата-ананың орнын кейде ұялы телефон мен әлеуметтік желі алмастырып бара жатқаны да жасырын емес. Ал баланың мінез-құлқынан құқық бұзушылық белгілері байқала бастағанда, «қай жерден қателестім?», «қай сәтті жіберіп алдым?» деген сауалдар әр ата-ананы толғандырады. Форумның басты мақсаты – осы өзекті сұрақтарға бірлесе жауап іздеу, балаға бөлінген уақыттың, мейірім мен назардың оның болашағына тікелей әсер ететінін түсіндіру, сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
Шара барысында бала тәрбиесі, заң мен тәртіп, отбасы құндылықтарын сақтау және ұлттық тәрбиені дәріптеу мәселелері кеңінен қозғалды. Қатысушылар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, тағылымды ойлар мен өмірлік тәжірибелер ортаға салынды.
Аталған форумға арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті:Жаңатоған ауылдық округінің бас маманы Мамытов Нұржан Арастанбекұлы;
Ауылымыздың ақсақалы Нұрмахан ата;Мыңқазан ауылы әйелдер қоғамының төрайымы Қосақбаева Айсұлу Аязқұлқызы;
Ардагер, ұлағатты ұстаз Шолпанклова Аягөз Өміралиевна.
Қонақтар бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, ұлттық құндылықтарды сақтау және отбасы институтын нығайту бағытында маңызды ойлар айтып, нақты ұсыныстарын жеткізді.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тағылымды өтті. Қатысушылар тарапынан оң пікірлер айтылып, мұндай кездесулердің тәрбиелік мәні зор екендігі атап өтілді.
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп жоспарлануда.